1266

Құлсарыда 12 жасар бала мопедпен автобусқа соғылып қаза болды

2012 жылғы марқұм баланың мотоциклді жоғары жылдамдықпен айдағаны белгілі болды.

Құлсарыда 12 жасар бала мопедпен автобусқа соғылып қаза болды
instagram/atyrauoil.official

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Құлсары қаласында 7 шілде күні кешкі уақытта болған жол апатынан 12 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мопед ПАЗ «Вектор Некст» жолаушылар автобусы бұрылған кезде оның бүйірінен соқтығысқан.

Соққы салдарынан бала ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеушілер мопедті кәмелетке толмаған баланың қалай басқарғанын және оған рұқсаттың қалай берілгенін анықтап жатыр.

Материал авторы