Қостанайда жарты миллион теңге бопсалаған қаскөйлер ұсталды
Қостанайда тұрғыннан 500 мың теңге бопсалағандар ұсталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда екі ер адам тұрғыннан ақша талап етіп, қоқан-лоқылық көрсеткені үшін қамауға алынды.
Қостанай қаласында екі ер адам жергілікті тұрғыннан 500 мың теңге талап етіп, күш қолданамыз деп қорқытқан. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жеткізді.
Полицейлер аталған факті бойынша «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Күдіктілер алдын ала келісіп әрекет еткен. Олар жәбірленушіні қорқытып, ақша талап еткен», — делінген ресми мәлімдемеде.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Полиция тұрғындарды бопсалау немесе қорқыту жағдайында үнсіз қалмауға, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.
Материал авторы