1004

«Штрафстанда кептер боп тууға да болмайды»: Енді құсқа тамақ бергендер 100 мың теңге айыппұл арқалайды

Көпшілік аталған заңға қарсылық білдірді.

«Штрафстанда кептер боп тууға да болмайды»: Енді құсқа тамақ бергендер 100 мың теңге айыппұл арқалайды
apirak2011/ iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда қоғамдық орындарда көгершіндерге тамақ беру енді қалтаға салмақ салуы мүмкін. Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 505-бабына сәйкес, мұндай әрекетке ескерту немесе айыппұл қарастырылған:

бірінші рет бұзсаңыз – 20 АЕК дейін (шамамен 69 000 теңге),

қайталанса – 30 АЕК дейін (103 500 теңге шамасында) айыппұл төлеуіңіз мүмкін.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар бұл шешімге наразылық білдіруде. Желі қолданушылары арнайы көгершінге тамақ беруге арналған орындардың жоқтығын алға тартып отыр:

«Тамақ беремін дедім бе, беремін! Бірде-бір қиқымды қоқысқа тастамаймын!», «Штрафстанда кептер боп тууға да болмайды», «Әлемде жоқ заңды шығарып алады екен», «Қай жер қоғамдық орын емес? Адамдар қайда жүрмейді? Көрсетіңізші сол арнайы орынды…»

Дегенмен мамандар бұл тыйымды санитарлық қауіпсіздікпен түсіндіреді. Қалалық көгершіндер 90-нан астам қауіпті жұқпалы ауру тасуы мүмкін. Олардың қатарында сальмонеллез, токсоплазмоз, орнитоз, туляремия және жалған туберкулез бар. Сонымен қатар, көгершіндер арқылы блоха, кене, қандала мен жәндіктер желдеткіштер немесе жарықтар арқылы үйге өтіп, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді.

Көпшілік биліктен қоғамдық тамақтандыруға рұқсат етілген арнайы аймақтар жасауды сұрап отыр. Қала тұрғындары бұл шектеуді шектен тыс деп санап, дәстүрді сақтау мен тазалықтың тепе-теңдігін сақтайтын балама шешімдер қарастыру қажет дейді.

Материал авторы