Жамбылда жігіт бұрынғы сүйіктісіне сыйға берген «айфонды» талап етіп, сотқа берді
Жігіт iPhone-ды сыйға емес, уақытша бердім деген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында iPhone 15 Pro Max смартфонын бұрынғы сүйіктісіне берген жігіт сот арқылы құрылғыны қайтарып алды.
Құны 530 мың теңге тұратын смартфонды жігіт несиеге алып, қызға уақытша пайдалануға бергенін айтты. Себебі сол кезде қыздың телефоны бұзылып қалған екен. Алайда кейін құрылғысын қайтармақ болғанда, қыз қарсы шыққан.
Қыз сотта "Бұл – сыйлық еді, мобилограф болып жұмыс істеуім үшін қажет" деп мәлімдеді. Бірақ сот мұны растайтын дәлелдер жоқ екенін айтып, телефон жігітке тиесілі деп шешім шығарды.
Сот гарантиялық талон, меншік құқығын растайтын құжаттар мен басқа да айғақтарды зерттей келе, құрылғыны иесіне қайтаруды міндеттеді.
Айта кетейік, ҚР Азаматтық кодексінің 260-бабына сәйкес, меншік иесі өзінің мүлкін басқа адамның заңсыз иелігінен талап етуге құқылы.
Сот шешімі заңды күшіне енді. Енді қыз смартфонды қайтаруы тиіс.
Материал авторы