Ақтауда бағдаршам істемей қалған жолды реттеген курьерге 40 мың теңге айыппұл салынды
Курьер жол ережесі бұзды деп оған айыппұл салды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда тамақ жеткізумен айналысатын курьер бағдаршам істен шыққан сәтте жол қозғалысын өз бетінше реттеуге тырысқан. Алайда бұл әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 40 мың теңге айыппұл арқалады. Бұл туралы 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметі хабарлады.
Желіде тараған видеода курьер қолына сары шар алып, көшенің ортасында көліктерге бағыт көрсетіп тұрғаны байқалады. Арқасында тамақ тасымалдауға арналған сөмкесі бар азаматтың бұл қадамы желі қолданушыларының пікірін екіге жарды — біреулер ерлік десе, енді біреулер қауіпсіздікке немқұрайлық деп бағалады.
Ал полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын қарап, курьердің жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені және осылайша өз өміріне де, басқа жүргізушілерге де қауіп төндіргенін мәлімдеді.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары курьердің жол ережесін бұзғанын анықтап, оған 40 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
Материал авторы