685

«Лас аяқкиім үшін ұрған»: Көкшетауда анасы қызынан айырылды

Сот қатігез анаға қатысты үкім шығарды.

«Лас аяқкиім үшін ұрған»: Көкшетауда анасы қызынан айырылды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетау қалалық соты 9 жастағы қызына жүйелі түрде қол көтерген әйелге қатысты үкім шығарды.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, қала тұрғыны П. есімді азаматша мас күйінде үйіне келген қызының аяқ киімі кір болғаны үшін оны ұрып-соққан. Тергеу барысында оның баланы тәрбиелеуден мүлде шеттетілгені анықталған.

«Оның ата-ана ретінде өз міндеттерінен бас тартқаны белгілі болды. Қорғаншылық органдарының қорытындысы негізінде ол ата-ана құқығынан айырылды. 26 маусымда әйелге 100 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы