1130

Кәмшат Жолдыбаева өнерден кетіп, бизнеске келді (ВИДЕО)

Жұрт оның жаңа бастамасын талқыға салды.

Кәмшат Жолдыбаева өнерден кетіп, бизнеске келді (ВИДЕО)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бір кездері хит әндерімен халықты тәнті еткен Кәмшат Жолдыбаева өнер сахнасынан алыстап, жаңа салаға бет бұрғанын мәлімдеді.

Instagram парақшасында естен кетпес «Пия-пия» әніне түсірілген жаңа видеоны жариялаған әнші бұл жолы ән емес, косметика жарнамалады. Жолдыбаеваның сөзінше, ол енді сұлулық индустриясына бет бұрып, @piya.kz атты күтімге арналған косметикалық өнім шығара бастаған.

«Құрамында зиянды қоспасы жоқ. Тек қана қорғап қоймай, күтім береді. Барлық тері түрлеріне жағады. Теріңе жайлылық сыйла. Менің жаңа махаббатым – @piya.kz», – деп жазды ол.

Ол өнімді шығару үшін ұзақ еңбек еткенін, біраз армандағанын айтты.

«Технологтың да қанын мен біраз ішкен сияқтымын. Шыны керек, менің арманым болатын. Қасымда күшті бір өнім жүрсе ғой. Крем жағуды ұмытып кетсең немесе бет жуып алғаннан кейін шашқан кезде болды, бір крем жаққан эффект болып, ылғалданып, нәрленіп тұратын. Бұл өнімді шығару менің қашан да арманым болды. Жақсы бір өнім шықты деп ойлаймын», – дейді ол. 

Кәмшат Жолдыбаеваның бұл қадамына желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда: бірі кәсіпкерлікке көшкенін құптаса, енді бірі оның өнерге оралуын күтетінін жазған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор