«Әке болу – арманым»: Жахан Отарғалиев шын жүрегінен сыр шертті
Блогер әрі актер Жахан Отарғалиев жақын досы, желі қолданушыларына «Колобок» лақап атымен танымал Елдостың әке атанатынын естіп, қуанышын жасырмады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде жарияланған құттықтауында Жахан өз өміріндегі ең үлкен арманы жайлы да алғаш рет ашық айтты.
— Елдос үшін ерекше қуаныштымын. Оның видеосын көріп, толқымай қоймадық. Бұл – шын бақыттың сәті. Ал біз үшін бұл – үміт. 16 жылдан бері біз де сәби күтіп келеміз. Құдайдың қалауы болса, ол күн де келер. Әзірге сабыр сақтап, сеніммен өмір сүріп келеміз, – деді ол.
Жаханның айтуынша, балалы болу – уақыттың емес, тағдырдың ісі. Сол себепті әрбір ата-ана болған жан шүкіршілік етіп, жанындағы жақындарын қадірлеуі керек.
— Ақша, мансап – бәрі өткінші. Ал отбасы – өмірдің мағынасы. Осы қиын сәтте мені танымайтын жандардың өзі қолдап, тілек айтып жатыр. Бұл – мен үшін үлкен күш, – дейді актер.
Желі қолданушылары Жаханның шынайы жазбасынан шабыт алып, оған тек жақсылық тілеуде. Ал Жахан болса, болашақтағы «гендер пати» арманын қағазға түсіріп үлгерген.