534

Димаштың отбасы тағы да таңғалдырды – бұл жолы басты кейіпкер қарындасы!

Қазақтың мақтанышы, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің отбасында ерекше қуаныш!

Димаштың отбасы тағы да таңғалдырды – бұл жолы басты кейіпкер қарындасы!
instagram.com/svetlana_aitbaevna

Әншінің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қызы Ақеркенің жоғары оқу орнын сәтті аяқтап, медицина саласының маманы атанғанын қуанышпен бөлісті - деп хабарлайды SMARTNEWS.KZ басылымы.

– Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. Еліңе қызмет етіп, халқыңның жанына араша болар білікті дәрігер бол, ботам! – деп жазды анасы жүрекжарды тілегін.

Желі қолданушылары мен жанкүйерлер бұл жаңалықты жылы лебіздермен қарсы алып, Ақеркеге сәттілік тіледі.