362

СҚО-да жүк көлігі жас ананы қағып өлтірді: жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған

Алғашында жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.

СҚО-да жүк көлігі жас ананы қағып өлтірді: жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында Бескөл ауылы маңында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып, әйел оқиға орнында қаза тапты.

Inbusiness.kz мәліметінше, қайғылы оқиға 8 шілде күні түнде, реттелетін өткелде болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел қызыл шамға қарамай жолға шыққан, сол сәтте “DAF” жүк көлігі оны қағып өткен.

Алғашында жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалғанымен, кейін қайта оралып, полицияны күткен.

Қаза тапқан 33 жастағы әйелдің артында баласы қалғаны белгілі. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.