1348

Алматыда тауда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды

Таудан оралмаған бала: тоғыз күндік үміттің соңы – ауыр қайғы

Алматыда тауда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды
Туыстарынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы тауларында жоғалып кеткен жас жігіт Нұрислам Ақылбеков тоғыз күннен кейін өлі күйінде табылды.

2 шілде күні 18 жастағы студент тауға серуендеуге кеткен. “Жолдасым бар” деп достарына ескертіп кеткен екен. Алайда кеш батып, таң атты, бірақ Нұрислам қайта оралмады.

Алғашқы күндері жақындары өздері іздеумен әлек болды. Бірақ уақыт өткен сайын алаңдаушылық артып, олар құтқарушылар мен еріктілерден көмек сұрауға мәжбүр болды.

Кеше кешкісін ғана дрон көмегімен құтқарушылар оның денесін тауып, сол маңға жаяу бет алды. Жол ауыр, жарты күндік жаяу жүруді қажет етеді. Қазіргі таңда сол жерде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Туыстарына психологтар қолдау көрсетуде.

Нұрисламмен бірге тауға кеткен деген екінші адам жайлы әзірге еш дерек жоқ.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Сараптама тағайындалды, нақты жағдай тексерілуде.