Қытай компанияларына ауылшаруашылық жерлердің 112 259 гектары тиесілі екен

11.07.2025, 12:37
530
Қытай компанияларына ауылшаруашылық жерлердің 112 259 гектары тиесілі екен Иллюстрация

АҚШ Қытайға ауылшаруашылық жерлерін сатуға тыйым салмақ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Америка Құрама Штаттары Қытай компанияларына ауылшаруашылық жерлерін сатуға заңмен тыйым салуға кірісті. Бұл шешім ұлттық қауіпсіздік мәселесімен байланысты. Бұл туралы aikyn.kz жазды. 

Қытайлық инвесторлар АҚШ-та шамамен 112 259 гектар жерге иелік етеді. Бұл – шетелдіктердің меншігіндегі барлық ауылшаруашылық жердің 1%-ы ғана. Алайда олардың кейбірі әскери базаларға тым жақын орналасқан, ал бұл – Конгресте және қауіпсіздік органдарында алаңдаушылық туғызуда.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрі Брук Роллинз бұл мәселені тікелей ел қауіпсіздігімен байланыстырды:

«Ауыл шаруашылығы – тек азық-түлік емес. Бұл – елді қорғау жолы», – деді ол.

Қытайға қарсы қатаң шаралар

8 шілдеде Роллинз ханым Қытай және басқа «қарсылас» елдердің азаматтарына АҚШ-тың ауылшаруашылық жерлерін сатып алуға тыйым салатын шұғыл заңдар қабылданатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, бұған дейін сатып алынған жерлерді қайтарып алу да қарастырылуда.

АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет те бұл мәселеге назар аударып:

«Стратегиялық маңызы бар нысандар маңындағы жерлердің шетелдіктер қолында болуы – тікелей қауіп», – деді.

Қытай жауабы

Қытай елшілігі бұл шешімге наразылық білдірді. Елшілік өкілі Лю Пэнъюйдің айтуынша, мұндай әрекет инвестицияға деген сенімді бұзады және нарық ережелеріне қайшы.

«Ұлттық қауіпсіздік деген ұғымды шектен тыс кеңейту – халықаралық сауда қағидаттарына қарсы», – деді Лю.

АҚШ-та соңғы жылдары Қытай тарапынан тыңшылық әрекеттері туралы алаңдаушылық жиі айтылып жүр. Қытай жасаған технологиялар – әсіресе жел генераторлары мен коммуникациялық жүйелер – тыңшылық үшін қолданылуы мүмкін деген күдік бар.

АҚШ бұл бағытта одақтастарымен (Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Жаңа Зеландия) бірлесіп әрекет етуде. Бұл елдер де Қытай инвестицияларына қатысты шектеулер енгізіп жатыр.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды