Кім әскери қызметке жарамды: 2025 жылдан бастап жаңа ережелер күшіне енеді
Қорғаныс министрлігі әскери қызметке шақырылатын азаматтардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды өзгертті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың 21 шілдесінен бастап Қазақстанда әскери қызметке жарамдылық жаңа тәртіппен анықталады. Қорғаныс министрінің 30 маусымдағы бұйрығына сәйкес, енді әрбір азаматтың жарамдылық деңгейі нақты 4 графа және арнайы санаттар бойынша бағаланады.
Не өзгерді?
Жаңа ережелер Қазақстан Қарулы Күштері мен басқа да әскери құрылымдарда қызмет атқаратын немесе оған дайындалып жатқан барлық азаматтарға қатысты.
Графаларға бөліну не үшін керек?
Әрбір графа — азаматтың қандай жағдайда, қандай қызметке дайын екенін көрсететін жүйе. Мысалы:
• I графа – әскерге шақырыларда, әскери мектепке немесе техникалық дайындыққа іріктелген кезде қолданылады.
• II графа – әскери оқу орындарына түсетіндер мен келісімшарт бойынша қызметке кірушілерге арналған.
• III графа – офицерлер мен резервке алынған әскери қызметшілерге қатысты.
• IV графа – арнайы бөлімшелерге, десанттық-шабуылдау немесе суасты техникаларын меңгеретін сарбаздарға арналады.
Жарамдылық санаттары қандай?
Әрбір азаматтың денсаулық жағдайына қарай берілетін арнайы әріптік санаттар енгізілген. Олардың негізгілері:
• А — толық жарамды
• Б — шектеулермен жарамды (десантқа жарамайды)
• В — шартты жарамды, бірақ арнайы қызметтерге жарамсыз
• Г — уақытша жарамсыз
• Д — бейбіт кезде жарамсыз, тек соғыс уақытында шақырылуы мүмкін
• Е — мүлдем жарамсыз
• ЖЗ, ДЕРБ — нақты мамандықтар мен қызмет түрлеріне байланысты жеке тәртіппен бағаланады
Бұл жүйе әскер қатарына дайын азаматтарды нақты іріктеу үшін енгізіліп отыр. Енді медициналық тексеріс нәтижесі бойынша азамат қай салада қызмет ете алатынын не мүлде жарамсыз екенін нақты біледі.