518

Жастарға 3 миллион теңге тегін беріледі

«Тәуелсіз ұрпақтар» грантына өтінім қабылдануда

Жастарға 3 миллион теңге тегін беріледі
Мәдениет және ақпарат министрлігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар үшін бірегей мүмкіндік туып отыр — мемлекеттен 3 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант алуға болады. Бұл бастама «Тәуелсіз ұрпақтар» гранты аясында жүзеге асырылуда. Өтінім қабылдау 18 тамызға дейін жалғасады.

Грант шығармашылық, ғылым, IT, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттар бойынша әлеуметтік және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін беріледі. Жастар өз идеяларын қоғамға пайдалы нақты істерге айналдыруға мүмкіндік алады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылдан бері бұл бағдарлама бойынша жүзден аса жас грант иегері атанған. Биыл республикалық деңгейде тағы 30 үміткер 3 миллион теңгелік грантқа ие болады деп күтілуде. Бұдан бөлек, әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен қосымша 277 грант беруді жоспарлап отыр.

— Идея бар, бірақ қаржы жоқ деген жастар үшін бұл — нақты мүмкіндік. Грант 1 жыл ішінде игерілуі тиіс. Жеңімпаздар конкурстық негізде, екі кезең арқылы анықталады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланған, – дейді Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров.

«Тәуелсіз ұрпақтар» гранты 2029 жылға дейін жалғасады. Яғни келесі жылдары да жастар өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік алады.