823

Бәйтерек монументі туберкулезге қарсы күрес күніне орай қызыл түске бөленеді

Бүгін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Атаулы датаға орай елордадағы Бәйтерек монументі кешке қызыл түсті жарық береді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бәйтерек монументі туберкулезге қарсы күрес күніне орай қызыл түске бөленеді
kazakhstan-kmv.ru

«Елордада туберкулезбен күрес мәселесіне бей-жай қарамаудың белгісі ретінде қала символы «Бәйтерек» монументі бүгін кешке қызыл түспен жарықтандырылады. Сонымен қатар бүгін әлем қалаларының көрнекті орындары да қызыл түспен ерекшеленеді», - деді Астана қаласының фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде.

Сондай-ақ, фтизиопульмонология орталығының басшысы 2018 жылдың 26 қыркүйегінде БҰҰ туберкулездің таралу көрсеткішінің жоғарылауы бойынша алғашқы кеңес өткізгеніне биыл 5 жыл болатынын еске салды.

Кеңес барысында Мемлекет басшылары туберкулездің эпидемия ретіндегі мәртебесін талқылады және аталған індеттің таралуын тоқтату үшін әрбір мемлекет қажетті шаралар қабылдау керектігі айқындалды.