«30 жыл идеология дұрыс жүргізілген жоқ»: Нұраддин Садықов спорттағы діншілдік туралы шындықты айтты

12.07.2025, 18:11
1360
«30 жыл идеология дұрыс жүргізілген жоқ»: Нұраддин Садықов спорттағы діншілдік туралы шындықты айтты бейнежазбадан

Октагонға кірсең, діннен шығасың. Ұлттық құндылық деген атымен жоқ дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі промоутер Нұраддин Садықов спорт әлеміндегі әсіре діншілдік мәселесін көтеріп, оның зиян тұстарын ашық айтты. Бұл туралы ол Zamandas подкастында сөз қозғады.

«Қазақта «Бір қолға екі қарбыз сыймайды» дейді. Дінді ұстанып, өзіңді Құдайдың адамы деп жариялай отырып, біреуді қалай ұрасың? Октагонға кірген сәтте қарсыласыңды жеңу үшін оны жек көруің керек. Ол сәтте сен ұстанып жүрген діннен «шығуың» керек», – деді ол.

Садықовтың айтуынша, қатыгездік пен эмоционалды суықтықты талап ететін кәсіпқой спортта діншіл адамның жетістікке жетуі қиындайды. Ол бокстағы құлдыраудың бір себебі – спортшылардың жұмсарып кетуі деп санайды.

«Дін жұмсартады, махаббат береді. Ал спортта кейде қатыгездік керек. Іштей жұмсақ адам соңына дейін төбелесе алмайды», – дейді промоутер.

Ол қазақстандық идеологияның 30 жыл бойы дұрыс жүрмегенін айтып, Қаңтар оқиғасын мысалға келтірді.

«Олар террорист емес, өзіміз өсірген «жемісіміз». Патриоттық сезім, ұлттық құндылық деген атымен жоқ. Бұл – аға буынның, жүйенің қателігі», – деді Садықов.

Сонымен қатар ол исламның гуманистік мазмұнының ұмытылып кеткенін, мешіттерде тек сыртқы формалар туралы айтылатынын сынға алды:

«Намаз оқып, сақал қойып, шариғат киімін киеді – болды. Құдайды тану, оның жаратылысын сүю жайлы ілім жоқ».

Садықов спортшылардың жеңілісті «Алланың қалауымен» деп ақтап алуын да қатты сынға алды:

«Бұл – жауапкершілікті Құдайға арту. Алла ақыл берді, өмір берді, шешімді өзің қабылдауың керек. Әйтпесе, бұл – жарымжандық».

Оның айтуынша, дін мен кәсіби спорт арасындағы ішкі қайшылықтар танымдық және психологиялық деңгейде шешімін табуы тиіс. Әйтпесе, нәтиже болмайды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды