Қызылордада мектепте жарақат алған көпбалалы әке өтемақы ала алмай жүр

12.07.2025, 18:51
945
Қызылордада мектепте жарақат алған көпбалалы әке өтемақы ала алмай жүр бейнежазбадан

Құжаттар прокуратурада дейді мектеп директоры.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қармақшы ауданындағы №121 мектептің бұрынғы қызметкері, сегіз баланың әкесі Нұрлан Ерғонтаев ауыр жарақаттан кейін мүгедек болып қалды. Алайда жұмыс орнында жарақат алған азамат әлі күнге дейін өтемақыға қол жеткізе алмай отыр, деп жеткізді Информбюро.

52 жастағы Нұрлан Ерғонтаев мектепте 19 жыл техникалық қызметкер болып істеген. Оның айтуынша, алғашқы жарақатты 7 жыл бұрын мектеп дәретханасын жөндеу кезінде алған – үстіне қабырға құлаған. Былтыр жылу қазандығында тағы бір ауыр жарақат алып, содан бері жұмысқа жарамсыз деп танылған.

Күйеуім 8 баланы асырап отыр. Қазір балдақпен әрең жүреді. Денсаулығы нашар. Тиісті 40% өтемақыны сұрап отырмыз, – дейді жары Айнұр Тоқсанбаева. Ол да дәл сол мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді.

Жергілікті еңбек инспекциясы қызметтік тексеру барысында мектеп әкімшілігінің тарапынан еңбек қауіпсіздігі талаптары бұзылғанын растаған. Яғни екі жағдайда да Нұрлан Ерғонтаев жарақатты жұмыс орнындағы немқұрайлылықтан алған.

Дегенмен, мектеп директоры Мұхтар Жұматаев бұл мәселеге қатысты әлі нақты шешім шықпағанын айтып отыр:

"40% өтемақы төленсін деген шешім жоқ. Құжаттар прокуратурада. Заңдылығын солар анықтайды", – дейді директор.

Қазір Ерғонтаевтар отбасы жалғыз табыс көзі – Айнұр Тоқсанбаеваның еңбекақысына қарап отыр. Ерлі-зайыптылар әділдік іздеп, енді сотқа жүгінуді көздеп отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды