«Әйелімді жұбата алмай отырмын»: Елдос Колобок желідегі дәрігерді әшкереледі (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
12.07.2025, 20:10
2535
«Әйелімді жұбата алмай отырмын»: Елдос Колобок желідегі дәрігерді әшкереледі (ВИДЕО) бейнежазбадан

Медициналық этика қайда деп ашынды блогер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер әрі асаба, желіде Елдос Колобок деп танылған Елдос Кәдірханов өзінің бедеулік мәселесіне қатысты жеке ақпаратын жария еткен дәрігердің сөзіне қатысты пікір білдіріп, бұл әрекетті медициналық этикаға сай емес деп атады.

Бұл туралы Елдос өзінің Instagram парақшасында видео жариялап, жұбайының бұл жағдайдан соң қатты уайымдап, жылап қалғанын айтты:

«Әйелімді жұбата алмай отырмын. Емге мүлде қатысы жоқ адам біз туралы не басы, не аяғы жоқ әңгімені ел алдында айтып, келіншегімді жылатты. Сол сөздің кесірінен бүкіл жұрт әртүрліше түсініп, түрліше қабылдап жатыр», – деді ол.

Елдос бұл ретте "Экомед" клиникалар желісінің өкілі Перизат Байқошқарованың пікіріне жауап беріп отыр. Перизат Instagram желісіндегі видеосында Елдостың аты-жөнін нақты атап, «ұрығы жоқ ер адамдар бізде көп, бұл күнделікті операция» деп мәлімдеген.

Алайда Кәдірхановтың айтуынша, Перизат оларды емдеген де, операцияға қатысқан да емес:

«Сіз – бізді емдеген дәрігер емессіз, біздің операцияда болмадыңыз. Бірақ дәрігерлер ортасында айтылатын әңгімені халық алдына шығарып салдыңыз. Бұл — үлкен қателік. Мен ол клиникада тегін емделген жоқпын. Ел қатарлы ақшасын төледім», – деді ол.

Блогер бұл жағдайдан кейін «Экомед» клиникасына өкпе-назым бар» деп, өз ренішін жасырмады:

«Біз тек өзіміз сияқты бала сүйгісі келіп жүрген жандарға көмектессін деп жариялаған едік. Енді өзіміз зардап шегіп отырмыз. Халықтың бәрі дәрігер емес қой, бірден түсініп, «аа бәсе» деп қабылдамайды. Медициналық құпия деген қайда қалды? Басталған әңгіменің бас-аяғы неге жоқ?» – деді ашынған Кәдірханов.

Даулы пікірді айтқан – Салтанат Байқошқарованың сіңлісі, дәрігер Перизат Байқошқарова. Ол өз сөзінде Елдос Колобок сияқты науқастар «күнделікті» клиникаға түсетінін айтып, бедеулік мәселесін ашық сөз қылған:

«Мұндай операциялар Экомедте күнде жасалады. Ұрығы жоқ ер адамдар көп. Бұл – қалыпты нәрсе», – деген ол.

Алайда бұл сөздер қоғамда жағымсыз реакция тудырып, жеке құпияның жариялануы ретінде бағаланды. Әлеуметтік желі қолданушылары мен құқық қорғаушылар да бұл мәселені этикалық әрі заңдық тұрғыданталқылай бастады.

Медицина саласында пациенттің жеке деректерін жария етуге заңмен тыйым салынған. Бұл жағдай – жеке өмірге қол сұғушылықтың, медициналық этиканың бұзылуының айқын көрінісі болуы мүмкін.

Енді бұл мәселеге қатысты клиника мен дәрігер тарапынан ресми түсініктеме күтілуде. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады