“Әділ болмады, өтірік” деп сұхбат берді: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбекованы ұзақ уақыт кешіре алмағанм
Танымал продюсер Бағым Мұхитденова Аман Тасығанға берген сұхбатында KeshYou тобының қыздары өзін бірнеше рет ренжіткенін айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Бағым Мұхитденова әнші Мөлдір Әуелбековаға не себепті ренжігенін айтты
“Қазір қыздармен жұмыс істеу қиын емес. Бұрын қатты қиналатынмын. Сыртымнан көрген адамдар мені ашушаң, зұлым деп ойлайды. Шын мәнінде, олай емес. Мен өте мейрімді, сезімтал, шығармашыл адаммын. Мені өкпелетсе мен ренжимін, шын жүрегіммен алаңдаймын, жылаймын. Шығармашылықта мен қатал бола алмаймын. Қыздар топтан кеткенде, ренжітсе, көңілге келетін сұхбат берсе қатты қиналамын. Жиі өтірік айтады. Сол сәтте мен тек күтетінмін. Бірақ соңында олар өздерінің қателескенін айтып, шын жүреткен кешірім сұрап келеді.
Мөлдір Әуелбекованы ұзақ уақытқа дейін кешіре алмаған.
“Меніңше, кешіре алатын адамдар әулие сияқты. Өте ұзақ өкпелеймін. Мүлдем кешірмеймін деп айтпаймын, бірақ 10 жыл өкпелеп жүруім мүмкін. Мөлдір Әуелбекованы ұзақ уақыт кешіре алмай жүрдім. Қазір бәрі жақсы, араласып тұрамыз. Оның тарапынан “әділ болмады, өтірік” деген сарындағы сұхбаттар көп болды. Сол үшін қатты өкпеледім. Ең бірінші топтан кеткен де Мөлдір болды, қатты жаныма батты. Түнімен жылайтын едім”, – дейді Бағым Мұхитденова.