602

Маған тағылған негізсіз айыптарды мойындамаймын - Перизат Қайрат

Сот отырысы жалғасуда

Маған тағылған негізсіз айыптарды мойындамаймын - Перизат Қайрат
Instagram/01pk

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша айыптауларды мойындамай отыр.

— Құрметті судья, мен айыптау актісімен келіспеймін. Маған тағылған негізсіз айыптарды мойындамаймын. Кейін барлық дәлел арқылы өзімді қорғаймын, — деп қысқа қайырды Перизат Қайрат.

Сонымен қатар Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева да тағылған айыптармен келіспей отыр.