Бауыржан Байбектің Перизат Қайрат ісіне қандай қатысы бар
Бұл туралы ол сот отырысында айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордада соты өтіп жатқан еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайрат сөз арасында бұрынғы «Nur Otan» (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының орынбасары, Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атап өтті.
— Сұрақ-жауап бөлімін қордың құрылтайшысынан бастаса деймін, себебі айыптау актісінің бірінші абзацында мені анаммен бірге қор құрды, жалған қол жинады деп айыптап отыр. Ал бұл қор партия жанынан, Бауыржан Байбек мырзаның басшылығымен құрылған. Барлық құрылтайшы - мені қоспағанда, кейбірі бұрынғы, ал кейбірі әлі күнге партияда жұмыс істеп жүрген қызметкерлер, — деді Перизат Қайрат сот отырысында.