SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1–10 тамыз аралығында елімізде Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған ауқымды мерейтойлық шаралар өтеді. Іс-шаралар халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде ұйымдастырылады. Жоспар бойынша 100-ден астам мәдени, әдеби, ғылыми және рухани бағдарлама қарастырылған.
Абай облысы әкімдігі таныстырған бағдарлама бойынша:
1 тамыз — бастама күні
“Abay Academiyasy” энциклопедиялық порталының ашылуы. Бұл платформа Абай мұрасын цифрландыруға бағытталған.
Алакөл жағасында Секен Тұрысбеков пен “Ақ жауын” оркестрінің концерті
Семейдегі Арбат алаңында Аңсаған Мұстафаның көрмесі мен “Асыл мұра” қолөнер фестивалі
2–6 тамыз аралығы
Майра Ильясованың “Абайға арнау” гастрольдік концерті – Семей, Үржар, Аягөз, Жарма, Жаңасемей.
3–6 тамыз
3 тамыз – “Абай әлемі” рухани кеші (Абай театры)
4 тамыз – Секен Тұрысбековтің қорытынды концерті
5 тамыз – “Ой толғау – Хәкім Абай” монооперасы
6 тамыз – “Абай елі – өнер кеніші” концерті, жас ақындар мүшәйрасы (Ә.Бөкейханов университеті)
7–9 тамыз — ғылыми, әдеби-мәдени күндер
7 тамыз – Асқар Алтай шығармашылық кеші, “Абай жолы” энциклопедиясы және “Абай Құнанбайұлы кім?” кітабының тұсаукесері
8 тамыз – “Адамзаттың Абайы” республикалық айтыс, “Жеті қазына” ұлттық байқауы
9 тамыз – Халықаралық ғылыми конференция, “Жидебай-Бөрілі” музейі көрмесі, Абай кітапханасындағы жаңа кітаптар тұсаукесері, 15 ел қатысатын халықаралық ақындар фестивалі.
Кешкісін: “Абайға тарту” гала-концерті
10 тамыз – Абай күні
Таңғы сағаттарда Жидебайда Құран бағышталып, құрбандық шалынады
Абай ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылады (барлық өңірде)
RUS