Қылмыстық топ мүгедектердің атына жалған көлік рәсімдеп, 250 млн теңге несие алған

15.07.2025, 17:54
852
Қылмыстық топ мүгедектердің атына жалған көлік рәсімдеп, 250 млн теңге несие алған SMARTNEWS.KZ коллажы

Қаскөйлер мүгедектігі бар 65 адамның мойнына несие ілген боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық алаяқтықтың жаңа схемасы әшкере болды. Тергеу органдары жалған автокөлік арқылы несие алып, қарызды әлеуметтік әлсіз топтарға «ілген» қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі.

Генпрокуратура мәліметінше, күдіктілер жұмыссыз жүрген азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарды арбай отырып, банкке жалған құжаттармен өтініш тапсырған. Осылайша, олардың атына жоқ көліктер үшін автонесиелер рәсімделіп отырған.

«Нәтижесінде 65 адам зардап шекті. Келтірілген залал көлемі 250 миллион теңгеден асты. Ақшаны алаяқтар өз қажетіне жұмсап, ал несиелер сол бейкүнә азаматтардың мойнына ілінді», — деп хабарлады Бас прокуратура.

Қылмыстық топтың мүшелеріне ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») және 262-бабы («Қылмыстық топ құру және оған қатысу») бойынша айып тағылып отыр. Барлық күдіктілер қамауға алынған, іс материалдары сотқа жолданды.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар елімізде автокөлік саудасы саласындағы алаяқтық схемалар саны күрт артқанын ескерткен еді. Олардың ішінде жалған жарнама, жасырын кепілдіктер және көлікті бөтен адамның атына рәсімдеу секілді тәсілдер жиі кездеседі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды