1080

«Балалар видеоға түсірген»: Алматыда ер адам әйелінің өгей әкесін көшеде бауыздап өлтірді (ВИДЕО)

Күдікті өз қайын атасын көшедегі балалардың көзінше бауыздап тастады.

«Балалар видеоға түсірген»: Алматыда ер адам әйелінің өгей әкесін көшеде бауыздап өлтірді (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда ер адам азаматтық некедегі жұбайының өгей әкесін көшенің қақ ортасында пышақтап өлтірді. Бұл жан түршігерлік оқиға жасөспірімдердің көз алдында болған. Олар қанқұйлы сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған. Аталған жайт туралы AstanaTV арнасының жаңалықтар қызметі жеткізді.

Кадрлардан қаскөйдің жерде жатқан ер адамға бірнеше рет пышақ сұғып жатқанын көруге болады. Бұл әрекеттен кейін оқиға орнына полиция жетіп, күдіктіні сол маңда ұстаған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Медеу аудандық Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала тергеу барысында оқиғаның тұрмыстық жанжал кезінде, екі ер адамның арасында туындаған кикілжің нәтижесінде болғаны анықталды», – деді ол.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға сотта берілмек.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор