Ұлы мен көңілдесін тоқтатпақ болған келіншек ұшақты «жарып» жібермек болды

Азиз Қалижан Редактор
15.07.2025, 19:49
909
Ұлы мен көңілдесін тоқтатпақ болған келіншек ұшақты «жарып» жібермек болды Dylan_Agbagni / Pixabay

Шетелге қашпақ болған ұлға анасы тосқауыл қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бангладеште әйел өз ұлы мен оның көңілдесіне шетелге ұшуға кедергі келтіру үшін ұшақта жарылғыш зат бар деп жалған хабар таратқан. Бұл туралы Dhaka Tribune басылымы хабарлады.

Оқиға жұма күні Даккадан Катмандуға ұшпақ болған Biman Bangladesh Airlines рейсінде орын алған. Ұшақ ұшуға дайындалып жатқанда, авиадиспетчерлік қызметке бомба туралы анонимді қоңырау түседі. Нәтижесінде 142 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі дереу эвакуацияланып, ұшақ жан-жақты тексеруге алынған.

Тексеруге ВВС сапындағы саперлер, кинологтар және элиталық терроризмге қарсы бөлімше мамандары жұмылдырылды. Іздеу төрт сағатқа созылғанымен, ешқандай күдікті зат табылған жоқ.

Тексеру барысында ұшақ жолаушыларының бірі – Имон есімді азамат сүйіктісімен бірге Непалға ұшпақ болғаны анықталды. Бұл сапарға оның анасы мен әйелі қарсы болған. Олардың тоқтату әрекеттері нәтиже бермеген соң, таныстары Имран жалған хабар беру жоспарын ұсынған. Осы жоспарды Имонның анасы жүзеге асырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда болған Air India ұшағының апатына қатысты тергеу жалғасуда. Онда да жеке мотивтер себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды