Қойдың құлағына дегустация: Назым Қызайбайдың үйінде түрік чемпионы қонақ болды
Назым Қызайбайдың әкесі Бусеназ Сюрменелиді қой сойып күтіп алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы, үш дүркін әлем жеңімпазы, түркиялық Бусеназ Сюрменели Алматы облысында қонақта болып, нағыз қазақы қонақжайлықтың куәсі болды.
Оны еліміздегі танымал боксшы Назым Қызайбай арнайы шақырған. Екі спортшы бірнеше жылдан бері достық қарым-қатынаста.
Құрметті мейманды күтіп алу үшін Назымның әкесі қой сойып, нағыз дәстүрлі қазақ дастарханын жайған. Ал Бусеназ үшін бұл – күтпеген тосын жағдай болған. Әсіресе, оған дастархан басында қойдың құлағын ұсынғанда, түрік спортшысы аң-таң болып, сәл-пәл сескеніп қалған.
«Ата-бабамыздың жолымен, жол үстінде ақ дастархан жайып қарсы алып жатыр. Қыздар кәдімгідей шок болды. Бусеназ өмірінде алғаш рет қойдың басын көріп отыр», – дейді Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жарияланған видеода.
Материал авторы