1130

Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа алған (ВИДЕО)

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Қайрат Нұртастың екінші қызын қол астына алған.

Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа алған (ВИДЕО)

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова мен оның қыздары Динара Сәтжанның шоуында қонақ боп барды. Отбасының сөздерінше, олар жұлдыздардың балаларының ішінде Қайрат Нұртастың екінші қызы Алаумен өте жақын араласады. Тіпті Мөлдір Мұқанова өзінің «ММ» өнер мектебіне Алауды жұмысқа алған көрінеді.

Сұхбат барысында Тұрсынбек Қабатовтың тұңғышы Әдемі Тұрсынбекқызы кімдермен дос екенін әңгімеледі.

«Мектептен, үйірмеден достар табамыз. Ата-анамыздың достарының балаларымен де доспыз. Өзіміздің орта», - дейді Әдемі Тұрсынбекқызы.

Сұхбат кезінде көрермендер арасынан табылған Алау Қайратқызы қазіргі таңда Тұрсынбек Қабатовтың екінші қызы Айыммен өте жақын дос екенін айтып қалды.

«Әуелі Әдемімен дос болғанмын. Екеуміз бір топта болдық. Артынша Әдемі Дубайға кетіп қалды да, тобымыз тарап кетті. Содан кейін мен Айыммен бірге кездесіп қалдық. Содан бері өте жақын доспыз», - дейді Алау Қайратқызы.

Артынша Мөлдір Мұқанова қыздардың жақын дос, араларында бәсеке жоғын айтты.

«Алау өзі сондай пысық, жақсы қыз. Әке-шешесінің ең жақсы қасиеттерін алған-ау. Көпшіл, бауырмал. Айымға екеуміз тренд түсірейік деп хабарласқан. Дос болғандары жақсы ғой. Бір-бірімен жарысудың не керегі бар?», - дейді Мөлдір Мұқанова.

Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова өзінің «ММ» мектебіне Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа алған көрінеді.

«Алау жақында өзі маған хабарласты. «Мөлдір апай, сәлеметсіз бе? Сіздің мектебіңізде би үйірмесін ашқым келеді» деп. Солай оны жұмысқа алдым», - деді ол.

Алау өзінің жұмыстан алатын жалақысы туралы әлі еш ақпарат білмейді. Мөлдір Мұқанованың айтуынша, айлық адам санына байланысты болмақ.

«Алаудың өзінің аудиториясы үлкен екенін байқадым. Оқырмандарына үйірме ашып жатырмын деп еді, бірден 30-40 адам жиналып қалды. Енді айлық беретін уақыт та жақындап қалды», - деді ол.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор