Сталкинг пен мәжбүрлі неке: Тоқаев қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңға қол қойды

16.07.2025, 17:24
426
Сталкинг пен мәжбүрлі неке: Тоқаев қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңға қол қойды коллаж: smartnews.kz

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңдарға, сондай-ақ, "Неке және отбасы туралы" кодексіне өзгеріс енгізіліп отыр.

Соның ішінде қыз алып қашқаны үшін арнайы бап та бар. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске "Неке қиюға мәжбүрлеу" деген жаңа бап енгізілді.

Некеге тұруға мәжбүрлегені үшін қарастырылған жаза түрлері:

2000 АЕК (2025 жылы – 7 864 000 теңге) немесе түзеу жұмыстары, я болмаса, 2 жылға бас бостандығын шектеу я сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
бұл әрекет күш қолдану арқылы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда 5000 АЕК (2025 жылы - 19 660 000 теңге), 3 жылдан 7 жылға дейін жылға бас бостандығын шектеу я сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
бұл әрекет жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Ал "қалыңдықты" жібермей отырған туыстардың әрекеті "адамдар тобымен жасалған қылмыс" болып қарастырылады. Ол үшін 3 жылдан 7 жылға дейін жылға бас бостандығын шектеу я сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тоқаев қол қойған заңның аясында сталкинг, адамның мазасын алу, ізіне түсу, желіде және көшеде аңду, телефон нөмірін сұрау сияқты әрекеттерге қатысты жаза да енгізіліп отыр. Себебі сталкингтен кейін ауыр қылмыстар жасалады.
Жазаның түрлері:

200 АЕК (786 400 теңге - 2025 жылы) көлемінде айыппұл;
түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
90 тәулікке дейін қамауға алу.

Ал сталкинг кезінде адамға қасақана аса ауыр дене жарақаттары келтірілсе, Қылмыстық кодекстің басқа баптары қолданылады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады