Зейнеткер Перизат Қайраттан су тасқыны кезінде аударған 1 миллион теңгесін қайтарып беруді талап етті
Зейнеткер су тасқыны кезінде Перизат Қайраттың қорына аударған 1 миллион теңгесін қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді.
Бүгін Астанада су тасқыны кезінде жасалған қайырымдылық көмекке байланысты эпизод бойынша куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу жалғасып жатыр.
"Көп жарнама шықты. Бірақ неге екені белгісіз, Biz Birgemiz атауы бізге сенімді болып көрінді. Діттеген жеріне жететін шығар деп ақша аудардық. Зейнеткерлерге мұндай ақша артық болмайды", – деді ол.
Зейнеткер бұрын-соңды Перизат Қайратпен де, анасымен де таныс болмағанын айтты.