SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылы Ақтөбе облысында жол инфрақұрылымын жақсартуға 59,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған қаржы 156 жоба аясында игеріліп, жалпы ұзындығы 464,1 шақырым болатын автожолдар жөнделеді немесе жаңадан салынады. Жобалардың 36-сы — облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға, ал қалған 120-сы — қалаішілік және ауылішілік көшелерге тиесілі.
— Барлық жобалар аяқталғаннан кейін жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 82%-ға жетеді, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Есет Аманбаев.
RUS