Үшбұлақтағы шошқа фермасы туристердің шағымынан кейін жабылды

17.07.2025, 14:14
509
Үшбұлақтағы шошқа фермасы туристердің шағымынан кейін жабылды 72.fsvps.gov.ru

Жұрт жағымсыз иістің кесірінен демала алмай келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысы Алакөл ауданында Үшбұлақ ауылы маңында орналасқан шошқа шаруашылығы туристер тарапынан айтылған шағымнан кейін жабылды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, биыл 21 сәуірде әлеуметтік желілерде Үшбұлақ ауылдық округіндегі «Qaratas» шаруа қожалығы маңынан жағымсыз иіс шығып жатқаны туралы бейнематериал тараған. Осыған байланысты уәкілетті органдар шұғыл түрде тексеру жүргізген.

22 сәуірде ферма иесі бұл шошқалар туристерге көрсету үшін уақытша әкелінгенін, ал олар өсіру мақсатында болмағанын айтып, жануарларды алып кеткен. Экология департаменті мен табиғат қорғау полициясы бұл бұзушылықтың жойылғанын растады.

Сонымен қатар, Жер ресурстарын басқару департаменті де жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жердің мақсатына сай емес пайдаланылып, заңсыз құрылыс салынғанын анықтады. Нәтижесінде ферма басшысына әкімшілік жаза қолданылып, заң бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді.

2025 жылғы шілде айында оқиға орны қайта тексеріліп, шошқа шаруашылығы толық тоқтатылғаны және табиғи ландшафт қалпына келтірілгені анықталды. Туристер жиі серуендейтін Қарабұлақ өзенінің жағасы бұрынғы келбетіне қайта келген.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді