1310

«Негізі Lamborghini сұрап едім»: Айгүл Иманбаева мәһрге сұраған затын алды

Әнші күйеуінің сыйлаған көлігін көпшілікке көрсетті.

«Негізі Lamborghini сұрап едім»: Айгүл Иманбаева мәһрге сұраған затын алды
instagram.com/aigul_imanbayeva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде күйеуінен мәһрге алған қымбат сыйлығы – Tesla көлігін көрсеткен видеосымен бөлісті.

 

Бейнежазбада Иманбаева АҚШ-та жүрген сәті бейнеленген. Кадр сыртындағы құрбысы актрисаны жаңа көлігімен құттықтап, жылы лебізін білдіреді.

"Күйеуімнен мәһрге Lamborghini сұрадым. Әзірге Tesla алып берді. Бірақ уәдесінде тұрса, Lamborghini де болады!" – деп әзілдеген Иманбаева видеодағы көңілді сәтті өзі де бөлісе кетті.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева жақында екінші рет тұрмысқа шыққанын жария етіп, бұл жаңалық көпшіліктің назарын аударған болатын. Оның отбасылық өміріне қатысты әрбір мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып келеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор