891

Жахан Отарғалиев: «16 жылдан бері бала сүюді армандап келемін»

Болашақ гендер патидің жоспарын құрып қойдым дейді ол.

Жахан Отарғалиев: «16 жылдан бері бала сүюді армандап келемін»
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш әрі актер Жахан Отарғалиев көпшілікпен бала сүюге қатысты жан сырын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында блогер Елдос «Колобоктың» 13 жылдан кейін әке атанғанына қуанышын білдіріп, өз отбасы жайлы ашық жазды.

«Колобок үшін шын қуаныштымын. Видеосын көріп, жыладық. Қандай керемет сезім. Енді үмітімізді үзбейміз, Алла нәсіп етсе екен. Біз 16 жылдан бері күтіп келеміз, тағы да сәл шыдаймыз. Алла береді ғой», – деп жазды ол.

Отарғалиев Елдос екеуінің әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп жүретінін айтып, көпшілікке отбасылық құндылықтарды еске салды.

«Дәл қазір баласы бар жандар шүкір етсін. Өмірде отбасыдан артық не бар?! Ақша, байлық келеді, кетеді. Алла қаласа, бізде де бір күні жақсы жаңалық болады. Мен Аллаға сенемін», – деді актер.

Айта кетейік, жуырда Елдос Колобок пен жұбайы Таңшолпан гендер-пати ұйымдастырып, көптен күткен қуаныштарымен бөліскен болатын.

«Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, осы күнге де жеттік. Балапан, біз сені асыға күтеміз», – деп жазды блогер.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор