SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жекеменшік балабақшаларда жүргізілген тексерулер барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов мәлімдеді.
Нәтижесінде талапқа сай келмеген 94 балабақшаға мемлекеттік тапсырыс тоқтатылды. Олардың ішінде Қызылорда қаласынан – 44, Жаңақорғаннан – 24, Шиелі ауданынан – 26 мекеме бар.
– Мектепке дейінгі тәрбие – баланың өмірлік бағыты қалыптасатын маңызды кезең. Біз бұл салаға ерекше жауапкершілікпен қарап, қауіпсіз әрі сапалы орта қалыптастыруды басты назарда ұстаймыз, – деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда облыс бойынша 676 балабақша жұмыс істейді, оның 464-і – жекеменшік. Алайда олардың 389-ы бұрынғы тұрғын үйлерде, коттедждерде, тіпті монша ғимараттарында орналасқан.
Қазіргі таңда облыста 676 балабақша жұмыс істейді, оның 464-і – жекеменшік. Алайда олардың көпшілігі – бұрынғы тұрғын үйлер мен бейімделмеген ғимараттарда орналасқан.
2025 жылдың сәуір-мамыр айларында тек Қызылорда қаласының өзінде 219 жеке балабақшаға мониторинг жүргізіліп, талапты орындамаған 94 ұйымның мемлекеттік тапсырысы тоқтатылған. Дегенмен бұл шешім балаларды балабақшамен қамту мәселесіне кері әсер етпейді – өңір бойынша 1600-ден астам бос орын бар. Балалар қауіпсіз әрі талапқа сай балабақшаларға қайта орналастырылуда.
Саладағы ашықтық пен үнемділікті қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдан бастап балабақшаларда Face ID жүйесі енгізілген. Жүйе арқылы балалардың қатысуы автоматты түрде тіркеліп, бюджеттен 14 млрд теңге үнемделген. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесімен біріктірілген база арқылы медициналық анықтама талап етілмей, баланың денсаулығы тікелей көрінеді.
– Біздің басты мақсат – балаға қауіпсіз, сапалы әрі қолайлы орта қалыптастыру. Егер балабақша иелері өз міндетіне салғырт қараса, біз талаптарды одан әрі қатайтуға мәжбүр боламыз. Себебі бала амандығы – бәрінен биік, – деп түйіндеді Асқарбек Темірбекұлы.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жақсыгүл Тоғанова да бұл мәселеге алаңдаушылық білдірді:
– Жекеменшік балабақшаларда орын алған соңғы оқиғалар бәрімізді ойландыруы тиіс. Баланың қауіпсіздігі мен денсаулығы – әрқашан бірінші орында тұруы керек. Балабақша ашу – бұл жай кәсіп емес, ұрпақ тәрбиесіне қосылған үлес. Сондықтан ата-аналар, кәсіпкерлер мен тиісті органдар бұл мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Біз ата-аналармен және жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз, – деді Жақсыгүл Қожанқызы.
«Шұғыла» балабақшасының құрылтайшысы, кәсіпкер Сейтқали Алшынбаев та өз пікірін білдірді:
– Балабақша ашу – үлкен жауапкершілік. Бұл салада тәрбие мен білім беру, санитарлық талаптар, қауіпсіздік – бәрі маңызды. Мемлекет тарапынан қойылып отырған талаптар өте орынды. Біз, кәсіпкерлер, әр баланың қауіпсіздігіне, дамуына және тәрбиесіне жауаптымыз. , – деді Сейтқали Бегманұлы.
Ата-аналардың сенімін ақтау үшін балабақшада тәртіп пен талап қатар жүруі керек.
RUS