Кілт, есту аппараты, ине, магнит – тараздық дәрігерлер сәбилер ағзасынан 100-ден астам бөгде зат алып шықты

25.03.2023, 18:21
781
Кілт, есту аппараты, ине, магнит – тараздық дәрігерлер сәбилер ағзасынан 100-ден астам бөгде зат алып шықты Smartnews.kz

Жамбыл облысында кішкентай балалардың тыныс алу жолдарына бөгде заттардың түсуі жиілеген. Былтыр осындай жағдаймен дәрігерге жүгінудің 30 дерегі тіркелсе, биыл небәрі үш ай ішінде 27 адам шағымданған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сондай-ақ, былтыр асқорыту жолындағы бөгде заттарды алу процесі 160 рет болса, биыл алғашқы үш айдағы жағдай 50-ден асыпты.

Осыдан бір ай бұрын тараздық дәрігерлер бірнеше ине жұтқан баланы аман алып қалған болатын. Аймақта жыл басынан бері балалардың ағзасынан осындай ірілі-ұсақты 100-ге тарта бөгде зат шығарылыпты. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың ағзасынан алынған заттардың қатарында ілгек, түйме, тиын, кішкентай қыздардың шаш түйрегіштері, перде ілгіш, кілт, майда ойыншықтар, тіпті есту аппараттары бар.

Бөгде заттар баланың ағзасына ауыз, мұрын, құлақ арқылы түседі. Тыныс алу жолдары арқылы кірген зат мұрын ішінде, кеңірдекте, өкпе тінінде тұрып қалуы мүмкін. Ең қауіпті жер – көмей мен кеңірдек. Тез арада медициналық көмек көрсетілмесе, балаға ауа жетпей 1-2 минут өтпей-ақ, көз жұмуы ықтимал. Мұндай жағдайлар, әсіресе 1-3 жастағы сәбилер арасында жиі кездеседі, - дейді №2 қалалық балалар ауруханасының дәрігері Ержан Серікбекұлы.

Ақ халаттылардың айтуынша, балаларға ең қауіп төндіретін заттың бірі – батарея. Ол асқазанды күйдіріп жебереді. Қышқыл болғандықтан, бала ағзасында тотығып, өңешті де шірітіп жібере алады. Екіншісі – магнит. Оның көлемі қаншалықты кіші болса, соншалықты зиян. Өйткені, әрқайсысы әр ішекке түсіп, бір-біріне тартылып, ішектерді жабыстырып тастауы мүмкін. Сондай-ақ, тиындар да қауіпті заттар қатарында. Себебі, ол кей балалардың өңешін бітеп тастайды. Ал, кәмпит қағаздары өкпеге ауа өтетін жолды бөгейді.

Дәрігер ретінде ата-аналарға балаларды ұдайы жіті бақылауда ұстаңыз дегім келеді. Себебі, балалар арасындағы жарақаттан болатын өлім-жітім қан айналым жүйесі мен онкологиялық аурулардан кейінгі үшінші орында тұр. Біз бірнеше магнит жұтып қойған, бірнеше инені жұтқан балаларды аман алып қалдық. Ойнап жүрген бала жерде жатқан иненің үстіне құлап, ол басына кіріп кеткен, қаламсаптың басын жабатын затты көзіне кіргізіп алып, ол миына қарай өтіп кеткен оқиғалар да болды. Баланың бөгде затты жұтып қойғанын оның әрекеттерінен бірден байқауға болады. Тыныс алуы мен жұтуы қиындап, сілекей әдеттен тыс көп ағады, ерін мен мұрын арасындағы үшбұрыш көгере бастайды. Қимыл-қозғалысы ауырлайды. Бұл жағдайда дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Бірден жедел жәрдем шақыру керек. Әр ауруханада балалар анестезиологі, эндоскописі болады, - дейді Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургі Эльбрус Салпагаров.

 

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды