1842

Рудныйда 51 жастағы әйел адам мектеп оқушысын пышақтап тастады

2010 жылы туған қыз әжесін іздеуге шыққан екен.

Рудныйда 51 жастағы әйел адам мектеп оқушысын пышақтап тастады
iStock/PaulBiryukov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Рудный қаласында 51 жастағы әйел кәмелетке толмаған қызды пышақтап кетті. Бұл туралы Almaty.tv арнасы жеткізді.

Оқиға 2010 жылы туған оқушы мен оның анасы және өгей әкесі ішімдік ішіп жүрген әжесін іздеуге шыққанда болған. Олар қарияны тапқан кезде, ол бөтелкелес әйелмен бірге болған. Далада жанжал туындап, соңы оқушы қызға пышақ сұғумен аяқталған.

Құрсақ тұсынан жарақат алған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер шұғыл операция жасап, қазіргі жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Қостанай облыстық ПД мәліметінше, күдікті ұсталып, тергеу амалдары басталды. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Материал авторы