1329

Мектеп түлегі дәрігерлерді қорлағаны үшін жазаланды

Тамыр жарылып кеткен қыз дәрігерлерге шағымданамын деп өзі айыппұл арқалады.

Мектеп түлегі дәрігерлерді қорлағаны үшін жазаланды
podrobno.uz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көрші мемлекет Өзбекстан астанасы Ташкентте 11-сынып түлегі Instagram-дағы тікелей эфирде дәрігерлерге тіл тигізгені үшін әкімшілік жазаға тартылды. Қыз медицина қызметкерлерін «мал» деп атап, тамырына сегіз рет ине салынғанына шағымданған.

Оқиға оның қан қысымы көтеріліп, мигрень мазалағаннан кейін дәрігерлерге жүгінуінен кейін болған. Қызға келген жедел жәрдем қызметі тамырға дәрі тамызатын жүйе қойған. Алайда процедура барысында тамыр жарылып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, бұл сәтте бойжеткен электронды темекі шегіп тұрған. Бұл жағдайды күрделендірген болуы мүмкін.

Сот отырысында жасөспірім кінәсін мойындап, эмоцияға берілгенін айтты:

«Сол сәтте қатты ашулы болдым, бөтен адамның сигаретін шегіп қойдым. Эфирде артық сөйлеп қойдым. Дәрігерлерден кешірім сұраймын», – деді ол.

Сот оның жасын және бұрын құқық бұзбағанын ескере отырып, Әкімшілік кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп танып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды – шамамен 1,9 миллион сум (75 мың теңгеге жуық).

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор