SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Екібастұз қаласының тұрғыны бұрынғы жігіті тарапынан қатыгездікпен соққыға жығылғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, оқиға 18 шілде күні болған.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам шабуылды әдейі және суыққандылықпен жасаған.
«Ол мені баспен қабырға мен еденге соқты, денемді тепкілеп, қылқындырды. Аузыма белгісіз ақ ұнтақты салып, дәрі ішкізбек болды. Бұл әрекеттер оның менің өміріме қастандық жасағанын дәлелдейді. Шабуылдан кейін оқиға орнында қажетті тергеу амалдары уақтылы жүргізілмеді. Қылмыс болған жер қоршауға алынбады, бұл айғақтардың жойылуына жол ашуы мүмкін», — деп жазды әйел адам әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, полицейлер оқиға орнында толыққанды тексеру жүргізбеген. Қан іздері, соққы жасау үшін қолданылған заттар (шанышқы, пышақ), ер адамның аузына салып жіберген белгісіз ақ зат, таблеткалар, төбелес іздері, бүлінген жиһаз секілді дәлелдер тіркелмеген.
«Құқық қорғау органдары тарапынан болған немқұрайлық үшін қызметкерлердің әрекеттерінің заңдылығын тексеруді және кінәлілерді жауапқа тартуды сұраймын», — деді жәбірленуші.
Павлодар облысы полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», — деді полиция өкілі.
RUS