Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынға алды

26.03.2023, 09:10
703
Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынға алды sports.kz.

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікке қатысты сыни пікір айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Б.Асаубаеваның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазғанындай, «Шахмат – бұл, әрине, жекелей спорт түрі. Бірақ жеке өзің болу мен пікірлес болу – әр басқа нәрсе».

«Әркім өзі үшін» деген түсінікті кейбіреулер «бәріне түкіргенім қандай» деген мағынада көргісі келеді. Олардан өз қатесін түсініп, сыпайылықпен кешірім сұрауды ешқашан күтпейсің. Егер мұндай адамдар айналасына өтірікті жаудырса, сыпайылық туралы әңгіме айту қиын. Сірә, шындықты бүркемелеу – бірінші кезекте шахматшы екендігін ұмытқан Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Жансая Әбдімәліктің кәсіби қасиеті. Алайда кез келген кәсіби спортшы үшін кешірілмейтін нәрселер бар. Ол тіпті кім болса да», деп жазды Б.Асаубаева.

Оның сөзіне қарағанда, Жансаямен бірге өзін қосқанда, тағы он бір шахматшы Делиде маңызды Гран-при турниріне келген. Бірақ Жансая ұйымдастырушылар дұрыс қарсы алмады деген желеумен жарыстан аяқасты кетіп қалуды жөн көрген. Мұны турнирдің ашылуына бір сағат қалғанда, әріптесіне телефон арқылы хабарлап, әуежайда екендігін, ұшқалы отырғанын жеткізген.

«Ал өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген. Жансая өзінен бір елі қалмай, бірге жүрген ер адаммен ұшып келген. Басқалар жалғыз болса да, отельге ешқандай қиналыссыз жеткен. Кейбір шахматшылар Гран-приге қатысу үшін өзге жарыстардан бас тартқан, енді олар ыңғайсыз жағдайда қалды. Өтірік араласқан асығыс шешімнің салдарынан турнир болмай қалуы мүмкін. Соңғы сәтте өзі ойлап тапқан себептен бәрін тас-талқан қылғысы келген бір адамның кесірінен осылай болып отыр. Әрине, жергілікті ұйымдастырушыларға қатысты сұрақ көп. Бірақ көп мәселе Жансаяға, оның спортшыға тән емес әрекетіне қатысты. Аяқ астынан эмоцияға жол бергендігіне, әріптестеріне, тұтастай алғанда, өмірге деген көзқарасына, кәсібилігіне қатысты. Спортшылар кез келген күтпеген жағдайға беріле салмай, бәріне дайын болуы тиіс. Кез келген ұсақ-түйекке Жансая секілді қарасақ, онда спортпен қош айтысып, күйеуге шығып, ас дайындау керек...», - деп толықтырды Бибісара Асаубаева.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді