«Кішкентай қызды зорлаған болуы мүмкін»: Ақтауда жалаңаш серуендеген ер адам ұсталды
Ақтауда көшеде жалаңаш жүрген ер адам жұрттың наразылығын тудырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Ақтаудың 5-ықшамауданында түсірілген бейнежазба тарады. Онда жалаңаш ер адамның көшеде еркін жүргені көрінеді.
Кадрларда ер адамның Ұлттық ұланның №6656 әскери бөлімінің патрулімен сөйлесіп тұрған сәті бейнеленген. Пікір қалдырған қолданушылар тәртіп сақшыларының оны бірден ұстамай, сабырмен сөйлескеніне наразы.
Видеодағы көріністе ер адам жол бойында тұрып, жерден киімін – ішкиім мен футболкасын көтеріп алып, тротуарға отырып киіне бастаған. Жазба авторының айтуынша, бұл азамат бұған дейін кішкентай қызға шабуыл жасаған болуы мүмкін. Сол себепті учаскелік полицей шақырылған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам кейіннен облыстық психоневрологиялық диспансерге жеткізілген.
Материал авторы