1637

«Көңіл айтуға да жарамады»: Құлсарыдағы жарылысқа 2 ай өткеннен кейін ғана директор үйқамаққа алынды

Жанармай бекетіндегі алапат жарылыстан ерлі-зайыпты қаза болған еді. Бекеттің бастығы енді ғана үйқамаққа алынып жатыр.

«Көңіл айтуға да жарамады»: Құлсарыдағы жарылысқа 2 ай өткеннен кейін ғана директор үйқамаққа алынды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құлсары қаласындағы «Ниет» жанармай құю стансасында болған жарылыстан кейін екі ай өткен соң ғана директор ұсталды.

Атырау қаласындағы мамандандырылған тергеу соты күдіктіні үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Еске салайық, 2025 жылдың мамыр айында Құлсарыдағы жанармай бекетінде жарылыс болып, ерлі-зайыпты жұп қайтыс болған еді. Оқиға салдарынан марқұмдар ауыр күйік алып, олардың денесі туыстарына тек екі айдан кейін, сараптама аяқталған соң берілді.

Қаза тапқандардың туыстары бұған дейін жанармай бекеті иелерінің тарапынан ешқандай көмек көрсетілмегенін, тіпті көңіл айтуға да келмегенін айтқан.

Бұл оқиға қоғамда кең талқылау тудырған еді. Жергілікті тұрғындар мен қоғам белсенділері «Ниет» АЗС желісінің жұмысын бірнеше рет сынға алғанымен, жанармай бекеттері жұмысын жалғастыра берген.

Қазір тергеу органдары АЗС директорын қылмыстық іске тартты. Әзірге жарылыстың нақты себебіжарияланған жоқ. Алайда төтенше жағдайлар департаменті газдың сыртқа шығуы және ұшқыннан тұтануықтимал екенін мәлімдеген болатын.

Тергеу амалдары жалғасуда. Қайтыс болғандардың отбасы Бас прокуратурадан істі ерекше бақылауға алудысұрап отыр.

Материал авторы