«Қамыстың арасына кетеміз»: әнші Мадина Сәдуақасова ерекше демалысы туралы айтты (ФОТО)
Өнер иесі микрофонды қармаққа айырбастады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мадина Сәдуақасова отбасылық демалысын Instagram парақшасында көрсетті.
Өнер иесі микрофонды қармаққа айырбастап, табиғат аясында тынығып жүргенін айтты.
«Жылына бір рет қамыс пен судың ортасына келеміз. Байланыс жоқ, инстаграм жоқ. Қызыл кітапқа енген құстар ұшып жүреді, кешке от жағып, көктал жасап, әңгіме айтамыз. Олжас пен Әнуар балық аулағанды қатты жақсы көреді.
Мен олардың бақытты екенін көріп, өзім де бақытты боламын. Бұл – отбасылық дәстүрімізге айналды», – деп жазды Сәдуақасова.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор