Әйелін мүгедек қылған азамат өтемақы төлеуден бас тартып, апелляцияға арыз түсірді

Азиз Қалижан Редактор
22.07.2025, 15:51
1132
Әйелін мүгедек қылған азамат өтемақы төлеуден бас тартып, апелляцияға арыз түсірді facebook.com/almatyzhan

Әйел 4 рет операция жасатқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қалалық сотына бұрынғы жұбайын ауыр жарақаттап, мүгедек еткен ер адамның апелляциялық шағымы түсті. Ол бұрынғы әйеліне өтемақы төлеу туралы шешіммен келіспей отыр.

2022 жылы дәрігер Алтынай Нұрсолтанова бұрынғы күйеуі Әсет Аюповтың соққысынан ауыр жарақат алған. Адвокат Жанна Мұхамадидің мәліметінше, сол түні бірнеше минут ішінде әйелдің бет сүйектері, мұрны және көз орбитасы сынған. Ол көру қабілетінен айырылып, мүгедек болып қалған. Сараптама қорытындысында бұл жарақаттар «ауыр дене жарақаты» деп танылған.

Алтынай – екі баланың анасы және кәсіби дәрігер. Сот Аюповты 6 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда оның тарапынан шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу, жазаны жеңілдету және өтелмеген бөлігін алмастыру жөнінде бірнеше өтініш түскен.

«Бір тамшы өкініш жоқ!», – деп жазды қорғаушы Facebook парақшасында.

Адвокаттың айтуынша, Аюповтың әкесі мен ағасы жәбірленушіні қудалаған, оларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған.

Алтынай Нұрсолтанова 2024 жылы Оңтүстік Кореяда төртінші қалпына келтіру операциясынан өткен. Ол сегіз сағатқа созылып, күрделі медициналық араласуларды қамтыған. Әлі де бірнеше ота күтіп тұр, соның ішінде көру қабілетін қалпына келтіру операциясы бар.

Сот барысында жәбірленуші бұрынғы күйеуінен емдеу шығындарын өтеуді талап еткен. Сот бұл талапты ішінара қанағаттандырғанымен, айыпталушы апелляциялық шағым беріп, өзінің уәжінде Алтынай «пластикалық ота үшін өтемақы алғысы келеді» деп көрсеткен.

«Бұл неткен арсыздық? Егер күйеуі оны аяусыз соққыға жықпағанда, оған ешқандай ота қажет болмас еді», – деп жазды адвокат Мұхамади.

Ол сот шешімі өзгеріссіз қалып, жәбірленуші өтемақыға қол жеткізіп, көру қабілетін қалпына келтіру бойынша операцияға дайындықты бастайды деп үміттенетінін айтты.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды