1879

«Тұрсын біле ме?»: Баян Алагөзованың Әбунасыр Серіковпен сүйіскен көрінісі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Жұрт Баян Мақсатқызын жерден алып, жерге салды.

«Тұрсын біле ме?»: Баян Алагөзованың Әбунасыр Серіковпен сүйіскен көрінісі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
instagram.com/bayanmaxatkyzy

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық продюсер Баян Алагөзова жаңа туындыда басты рөлдердің бірін сомдап жатыр. Желіде жарияланған романтикалық эпизод көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Баян Алагөзова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Қызым» фильмінің түсірілім алаңынан үзінді жариялады. Кадрда ол дәрігер рөлінде пациентті тексеріп жатқан сәт көрсетіледі. Роликке танымал KeshYou тобының «Махаббатым» әні де фон ретінде қойылған.

Жазба астындағы пікірлер екіге жарылды. Кейбір қолданушылар бұл көріністі өмірден алынған нақты оқиға деп ойлап, шошып қалған. Ал енді біреулері пациенттің Баянды сүйіп жібере жаздаған сәтін көріп, әзілге басты:

«Ой, апам-ау, қазір сүйіп жібереді деп қалдым! Шошып кеттім! Тұрсынға айту керек шығар: бір сүйіс – екі соққы! Сонда ешкіммен сүйіспейді», «Керемет көрініс екен… Кино да мықты болатын сияқты! Жалпы, сіз қатысқан фильмдерді жібермей көремін», «Сізден өте сүйкімді дәрігер шығады екен», «Фильмді асыға күтіп отырмыз», - дейді оқырмандар.

Айта кетейік, Баян Алагөзова бұл жобада Ләйлә есімді провинциялық дәрігердің рөлін сомдайды. Осы мақсатта ол Павлодар облысының Екібастұз қаласына барып, кино түсірілімдеріне қатысқан. Кейін Павлодарға да арнайы сапармен барғаны белгілі болды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор