Төреғали Төреәлі сахнадан кетпейтінін мәлімдеп, өзін жаңа қырынан көрсетті (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
22.07.2025, 19:42
848
Төреғали Төреәлі сахнадан кетпейтінін мәлімдеп, өзін жаңа қырынан көрсетті (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Біреуді табалау оңай дейді продюсер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Төреғали Төреәлі өнерден қол үзбейтінін мәлімдеп, жаңа жобасын – Tore Show бағдарламасын жария етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Tore Show – алғашқы қадам. Өткен апта мен үшін ұмытылмас сәтке айналды. Көптен бері жүрегімде жүрген авторлық жобам тұңғыш рет көрерменге жол тартты. Бұл жай ғана шоу емес, бұл – менің жанымнан шыққан сыр, өнер мен өмір арасындағы көпір. Алғашқы қонағым болған Нұрлан Имам ағамызға шексіз алғыс», – деді әнші.

Жаңа бағдарлама алдағы уақытта тұрақты түрде эфирге шығып, әр апта сайын жаңа қонақтар мен әңгімелер ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, әншінің сахнаға қайта оралуына продюсер Жан Мұқанов себепкер болған. Ол Төреғали Төреәлімен ресми келісімшартқа отырғанын мәлімдеді.

«Бүгін біз алғаш рет ресми келісімшартқа қол қойдық. Енді бәрі – үлкендердің ойыны. Мен бұл жігіттің өнеріне, жүрегіне, болашағына сенемін. Әр адамға екінші мүмкіндік берілуі керек. Біреуді табалау – оңай. Ал қолдау көрсету – шынайы ерлік», – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, соңғы жылдары Төреғали Төреәлі сахнадан алыстап, көпшілік алдына сирек шығып жүрген болатын. Енді тың жобасы арқылы ол көрерменмен қайта байланыс орнатпақ.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды