Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі сотқа жолданды

23.07.2025, 09:49
410
Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі сотқа жолданды instagram.com/ruslan_berdenov

28 шілдеде Ернар Жиенбайдың ісі бойынша алдын ала тыңдалым өтпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық іс сотқа өтті. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айыпталушы Ернар Жиенбайға ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу») және 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша айып тағылған. Іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Алдын ала тыңдау 28 шілде күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Еске салайық, 21 сәуір күні әкімдік ғимаратының маңында Руслан Берденовке белгісіз біреу шабуыл жасап, пышақтаған. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалған. Екі аптадан кейін ауруханадан шыққан.

Күдікті Ернар Жиенбай оқиға орнында ұсталып, сол күні қамауға алынған. Ол бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директорының міндетін атқарған.

Қазіргі уақытта Руслан Берденов еңбек демалысында. Оның міндетін уақытша қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов атқарып отыр.

Шымкентте таксист америкалық журналисті зорламақ болды «Қайынсіңілімді ертіп жігітпен кездесуге бардым»: Психолог Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуін қыдыруға жібергенін айтты Жамбылда зейнеткер кішкентай баланы шапалақпен тәрбиелемек болғаны үшін өзі жазаланды 500 келі салмақпен танымал болған әйел көз жұмды Оралдағы спорт мектебінде 5 жасар бала көз жанарынан айырылды Маңғыстауда жүк көлігінің жүргізушісі полицейден қашқан (ВИДЕО) Астаналықтар автобуста ақша сұрайтын жастардан шаршағанын айтты Түркістанда бірнеше қызға азғындық жасаған ер адам небәрі 2,5 жылға сотталған Келіссөздер далбаса болғаны ма? Ресей Украинаға тағы да әуеден соққыға жасап, 21 адам қаза тапты Астанадағы аурухана дәрігерлері жүкті әйел туралы жазған адамды сотқа бермек Самарқанда ресейлік әйел өзін таксист зорлады деп айыптады «Әкімнің қызын түсірді»: Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзованың арасындағы дау қайта ушықты Газа билігі Израильді гуманитарлық көмекті әдейі тонатты деп айыптады «Қолымды былғағым келмейді»: Танымал дзюдошы израильдікпен белдесуден бас тартты Алматыда күзетшіні өлтірген экс-депутаттың ұлына марқұмның әйелі қатаң жаза сұрады Каспий теңізінде жер сілкінді Атырау әкімдігі сотта McDonald’s-тен жеңіліп қалды Forbes тізіміндегі миллиардерлерге тиесілі кәсіпорында өрт болып, адам қаза тапты Бұрын-соңды болмаған табиғат апаты – Маңғыстаудағы Шетпе ауылыы су астында қалды (ВИДЕО) Қытай бала туғандарға ақша төлеп жатыр