«Қызым өзі келісті»: Павлодарда өгей қызын зорлаған мұғалім өмір бойына сотталды

Азиз Қалижан Редактор
23.07.2025, 13:03
1537
«Қызым өзі келісті»: Павлодарда өгей қызын зорлаған мұғалім өмір бойына сотталды Алина Адилова, Orda.kz

Қыз бәрін мектеп психологқа айтып берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында 48 жастағы ауыл тұрғыны 13 жастағы өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Сот үкіміне сәйкес, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі («Кәмелетке толмаған баланы зорлау») бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру және педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Іс 2025 жылдың наурыз айында қозғалған. Жәбірленуші – өгей қызы – мектептегі психологқа жүгініп, ұйқы кезінде қорқынышты түстер мазалайтынын айтып, бұл күйді өгей әкесінің зорлығымен байланыстырған. Қыздың айтуынша, оқиға 2024 жылдың желтоқсанында болған.

Процесс барысында айыпталушы кінәсін мойындап, жыныстық қатынас қыздың «өз еркімен» болғанын алға тартқан. Алайда сот бұл мәлімдемені теріске шығарды. Судья Нұрлан Айтбаевтың айтуынша, қыз қорқып, ешкімге ештеңе айта алмаған. Сот, сонымен қатар, қылмыстың бірнеше мәрте қайталануын және ер адамның мас күйде болғанын ауырлататын жағдайлар деп бағалады.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Ол апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)