Зыгарь: АҚШ үшін Қазақстанның Қытай ықпалындағы мемлекетке айналмағаны маңызды

26.03.2023, 13:13
443
Зыгарь: АҚШ үшін Қазақстанның Қытай ықпалындағы мемлекетке айналмағаны маңызды Instagram/ soz_community

Белгілі жазушы және журналист Михаил Зыгарь АҚШ пен Еуропа Қазақстанды қалай қабылдайтындығы туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"Дождь" телеарнасының бұрынғы бас редакторы Михаил Зыгарь SöZ Astana Public Talk алаңында "Трансформация тоғысындағы Қазақстан" тақырыбындағы пікірталасқа қатысып, сөз алды. 

"Қазақстанда өткен сайлау жайлы айтуға әлі ерте. Өзім араласатын адамдардың тұрғысында Қазақстанға деген көзқарас пен қарым-қатынастың соңғы кездері қалай өзгергенін айта аламын. Қытайішілік дереккөздер менде жоқтың қасы, сондықтан Қытайға тоқталып жатпаймын", - деді Зыгарь көрермендердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол еуропалықтар мен америкалықтардың Қазақстанға деген көзқарастың өзгерісі бір-бірінен бөлек екенін айтады.

"Егер америкалықтардан бастасақ, олардың қазіргі амал-тәсілі өте қарапайым. Ақ пен қара секілді, бірақ сонымен қатар күрделі. Бір жағынан, қазір америкалық саясаткерлер сүйенетін ең маңызды аксиома бар, олар үшін басты жау - Қытай. Сондықтан барлық басқа ел осы парадигмаға сәйкес келуі керек: "олар Қытаймен бірге немесе оларды Қытайдан аластату керек болады, оларды Қытайдың "тұтынушыларына" айналуына жол бермеу қажет".

"Ең бірінші кезекте, әрине, Ресей жайлы. Қазіргі америкалық шенді-шекпенділердің Ресейге қатысты көзақарасы екіұшты, өйткені бір жағынан, олар Украина жеңіске жетуі керек, бірақ содан кейін "Қытай императорының қат-қат киімдерінің арасында сусып, зым-зия болып кетпейтіндей етіп Ресейді алып алу керек". Қазақстанға деген көзқарас та осындай", - дейді Михаил Зыгарь.

"Америкалықтар үшін Қазақстанның Қытай ықпалына түспеуі өте маңызды, бұл - олардың қазіргі саясаты. Америка туралы тәмпіштеп бірдеңе айту қиын, өйткені 2024 жылдың қарашасында (АҚШ президентінің сайлауы) бір нәрсе өзгеруі мүмкін. Бірақ, тұтастай алғанда (америкалық саясаткерлер үшін), Қытаймен арадағы қақтығыс ұзаққа созылуы мүмкін, сондықтан одақтастарды тауып алу керек, қазіргі ауан осындай", - деді Зыгарь.

Оның айтуынша, Еуропада басқаша жағдай қалыптасуда.

"Еуропада Қытаймен соғысып жатырмыз деген пайым жоқ, бұл арада мүлдем басқа алғышарттар. Алдыңғы қатарда, олар үшін әрине, Еуропадағы соғыс. Бұл арада аталған соғысқа деген көзқарас маңызды. Сондықтан, менің ойымша, еуропалықтар үшін ең маңызды жайт - Санкт-Петербург экономикалық форумы және Президент Тоқаевтың мойындамайтындығы туралы мәлімдемесі (ДХР және ЛХР). Бұл - еуропалықтардың Қазақстан тарапынан күтіп отырған басты хабары. Бұл олар үшін егемен Қазақстанның ерік-жігерін жаңаша бағалау болады", - деп сөзін қорытындылады Михаил Зыгарь.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды