1267

1 доллардың құны 600-ге жақын қалды: Бүгін доллар бағамы күрт өсті

23 шілдеде Қазақстан қор биржасында доллардың құны шарықтады.

1 доллардың құны 600-ге жақын қалды: Бүгін доллар бағамы күрт өсті
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан қор биржасында (KASE) 23 шілде күні түстен кейінгі сауда-саттық нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 538,64 теңгеге жетіп, бірден 6,21 теңгеге қымбаттады.

Сауда қорытындысына сәйкес:

АҚШ доллары – 538,64 теңге (+6,21),

Ресей рублі – 6,86 теңге (+0,05),

Қытай юані – 74,88 теңге (+0,87).

Валюта айырбастау пункттерінде:

доллар 536,3–539 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр,

еуро – 629–634 теңге,

рубль – 6,73–6,85 теңге көлемінде.

Ал әлемдік нарықта мұнай бағасы керісінше төмендеуде. ICE Futures электронды алаңында қыркүйектік Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,22%-ға арзандап, барреліне 68,44 доллар болды.

NYMEX биржасында WTI маркалы мұнайдың қыркүйектік келісімшарттары 0,23%-ға төмендеп, 65,16 доллардан саудалануда.

Ұлттық банк таңғы ресми бағамды келесідей белгілеген:

доллар – 531,96 теңге,

еуро – 622,45 теңге,

рубль – 6,79 теңге.

Материал авторы