945

15 жыл бұрын ғана салынған Маңғыстаудағы ауыл мектебінің шатыры опырылып түсті (ВИДЕО)

Жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылған.

15 жыл бұрын ғана салынған Маңғыстаудағы ауыл мектебінің шатыры опырылып түсті (ВИДЕО)
instagram.com/112_aktau

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін таңғы 6:30 шамасында Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның акт залының шатыры опырылып түсті.

Желіде тараған видеодан шатырдың ірі бөлігі күркіреп ішке қарай құлағаны байқалады. Абырой болғанда, оқиға кезінде залда ешкім болмаған.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ. Құлаған аумақтың көлемі шамамен 250 шаршы метрді құрайды.

«Құрық ауылындағы мектеп-гимназия 2009 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген. Мектеп 1200 оқушыға арналған», – делінген Қарақия ауданы әкімдігінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиға орнына арнайы мамандар жіберіліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Қалпына келтіру жұмыстары мен толық сараптама нәтижелері туралы ақпарат кейінірек хабарланатын болады.

Материал авторы